Úı ANONS Түркістан облысының Білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Түркістан облысының Білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

фото ТОӘБҚ

 

Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтың өкімімен Түркістан облысының білім басқармасының басшысы қызметіне Орынов Ғалымжан тағайындалды.

Ғалымжан Қалдыкөзұлы – мемлекеттік басқару, қаржы және қоғамдық секторда көпжылдық тәжірибесі бар кәсіби басқарушы. Экономика ғылымдарының магистрі. Қазақстанда және шетелде білім алған: Қазақ Тұтыну кооперациясы институты, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы аясында Syracuse University (АҚШ) базасында мемлекеттік саясат және мемлекеттік басқару салалары бойынша білімін жетілдірген.

Халықаралық және ұлттық кәсіби біліктіліктерге ие: ACCA (Ұлыбритания) аясында халықаралық аудит және мемлекеттік сектор аудиті, сондай-ақ «Мемлекеттік аудитор» сертификаты.

Еңбек жолын 1996 жылы салық органдарында бастап, мемлекеттік қызметте көп жылдар бойы жауапты басшылық қызметтер атқаруда.

Басым бағыты – жүйелі басқару, жауапкершілік және нақты нәтиже.