Úı ANONS Басшы: «Директорды жұмыстан шығаруға мәжбүр болдық»

Басшы: «Директорды жұмыстан шығаруға мәжбүр болдық»

Шымкенттегі №143 жалпы орта білім беретін мектептің директоры бір айы бойы кәсіпкерлермен келісімшартсыз жұмыс істеп келген. Бұл туралы білім басқармасының басшысы хабарлады. Яғни, мектеп басшысына қатысты тиісті тексеру жүргізген жұмысшы топ, бірқатар кемішліктердің бетін ашқан.

 

Мәселен, директор қаржы шаруашылық жағдайын дұрыс жүргізбеген. Яғни, басқарма басшысының айтуынша қаржыны игеру мақсатында қызметкерлерге артық айлық аударып отырған. Бұл аздай балалардың тамақтануына жүрдім-бардым қараған дейді.

 

ҚУАНЫШ ЫСҚАҚОВ, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «М. С-ны наурыз айында  шақырып неге олай жасадыңыз деп сұрадым. 1 ай бойы Балаларға қауіп төндіріп отырсыз деп сұрадым. Зерделеп болған соң. Ал, оның өз сөзі, мен қалай келісімшартқа тұратынымды білмедім дейді. Мемлекеттік сатып алу басқармасы да бар. Былай былай жасайсыз деп түсіндірген соң, ертесіне барып келсімшартқа тұрды».

 

Айта кету керек, мектеп директоры  бұған дейін қатаң тәртіптік шараға тартылған екен. Сондықтан, басқарма басшысы, М.С-ны жұмыстан шығаруға мәжбүр болдық деп отыр. Қалалық бас ұстаздың мәліметіне сәйкес, мектепке қатысты 74 арыз шағым келіп түскен. Ол аздай Прокуратура тарапынан үш ұсыным келіпті.

 

Нұргүл Жолымбетова