Өңір басшысының көшпелі кездесуі Шәмші Қалдаяқов аллеясында жалғасын тапты. Бұл кездесуде аулаларды абаттандыру, балалар ойын алаңдарын жаңарту және жол инфрақұрылымын жақсарту мәселесі де назардан тыс қалмады. Тіпті, кәсіп бастаймын деген тұрғындар, әкімнен көмек сұрады. Сонымен қатар, баспана кезегін сарыла күткен халық мұңын шақты.
Ашық диалог — тиімді шешім. Бүгінгі кездесу әкім алдына алдын-ала жазылып, айлап кіре алмай жүргендер үшін тиімді болды. Өйткені, жиынға келген тұрғындардың басым бөлігі мәселесін шешу мақсатында, кезек күтіп жүргенін жеткізді. Тіпті, жер телімінің құжаттарын рәсімдей алмай ашуға булыққан тұрғындар да кездесті. Бірақ, әкім, зейнеткерді сабырға шақырып, мәселенің назарда екенін айтты.
«Жылдан бері қаулымен шыққан жер. Выкупленный жер. Сайрамнан өткен жер. Ал оған сенің архитектураң сызып қойыпты. Сөйлеп алайын. Қыркүйекте шешіп бер дедім.
біз қазір генплан алдында түсіндіріп айтып едім ғой. Үйлердің үстінен өтіп кеткен сызықтар бар. Олардың бәрін өзгертіп жатырмыз. Неге менің жеріме сызасыңдар».
Сонымен қатар, баспанаға қол жеткізе алмай, әбден шаршаған тұрғындар да мұңын шақты. Талай жылдан бері сарыла кезек күткен отбасылар, тұрғын үй басқармасының мамандары заңсыздыққа жол берді деп отыр. Ал, әкім егер салғырттыққа жол бергендердің әрекеті дәлелденсе, басшы да жұмыстан кетеді деді.
«Менен кейінгілерде кезекпен алып жатыр. Неге келмейді. Көпжан мырзаға да жолықтым. Еркінге де жолықтым. Баратын жерге барыңыз деді. Ақордаға барыңыз деді».
«Мен түсінемін. Әр адаммен таңертеңнен кешке дейін кездесіп отырсам, жұмыс кім жасайды. Сіз оған ренжімеңіз. Мен барылғына жетпеймін. Кезегіңізді тексеріп берсін. Кезексіз өтскізсе, дәлелдеп беріңіз. Оларды жұмыстан шығарып жіберемін. Сіздің сөзіңізге емес, дәлелденсе, Көпжаннан бастап шығарып жіберемін».
Бұдан бөлек, аудан тұрғындары аулалар мен қоғамдық орындарда қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін де көтерді. Көпқабатты үйлердің кіреберістері мен аула аумақтарына бейнебақылау камераларын орнату мәселесін көтерді. Тұрғындардың пікірінше, бұл қадам құқықбұзушылықтың алдын алып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ал, әкімдік тарапынан кезең-кезеңімен жұмыстар атқарылып жатқандығын жеткізді. Сонымен қатар, тұрғындардың бірі, Қошқар ата өзені маңындағы кейбір ескі үйлер мен ғимараттарды ретке келтіру бойынша сөз қозғады.
«Дизайнер боп істеуге болады. Сіздің қолыңыздан келеді. Мен басқа әкімдермен кездестім. Бірақ орындалмады».
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ҚАЛА ӘКІМІ: «Мен сіздің айтқаныңызды дұрыс түсінсем, ескі үйлерді бұзып тастап, ондай жоспар жоқ. Алдын адам жүре алмайтын еді. Өзім өте алмағанмын. Бәрін реттеп жатырмыз. Қашан реті келетінін айта алмаймын. Уәде бере алмаймын. Ол жерде жеке үйлер. Инвестор керек».
Мұндай ашық форматтағы жиындар халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, түйткілді мәселелерді дер кезінде шешуге мүмкіндік береді. Айта кету керек, көшпелі кездесу алдағы уақытта жалғасын табады.
Нұргүл Жолымбетова






