«Сары нөмірді» тіркеуге асығыңыз

231

 

Түркістан облысында Армениядан әкелінген көліктерге «сары нөмір» беру жалғасуда. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сай ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 1 қыркүйегі аралығында Түркістан облысының аумағында Армения Республикасынан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген автокөліктерді тіркеу жүргізілуде.

Егер азаматтар Армениядан әкелінген автокөліктерді сатса, бірақ олардың қазіргі иелерін таба алмаса, яғни оларды министрліктің дерекқорынан табуға мүмкіндік бар. Бүгінгі таңда облыста Армения Республикасынан әкелінген өз көліктерін 258 азамат тіркеді.

Тіркеу үшін 11 мың 946 теңге мөлшерінде, алым – 695 теңге, техникалық паспорт беру үшін баж – 3 473 теңге және мемлекеттік нөмір үшін – 7778 теңге төлем төлегеннен кейін жүргізушілер «сары нөмір» алады және заңды түрде облыс жолдарымен жүре алады.

Түркістан облысының полицейлері жергілікті азаматтарды Армения Республикасынан әкелген автокөліктерді тіркеу аяқталуына бір ай қалғанын еске салып, автокөлік иелерін өздерінің «темір тұлпарларын» тіркеуге үлгеруге шақырады.

Мақпал Рысбаева