Дертінен сауығып шыққан науқастардың басым бөлігі амбулаториялық бақылауда болған.

Ауруханада жатып ем қабылдаған науқастардың бірі -74 жастағы қала тұрғыны жиырма күннен аса дәрігерлердің бақылауында болған.
Дәрігерлер әжейге коронавирус инфекциясынан бөлек «екі жақты пневмония» диагнозын қойған.

Инфекция жұқтырған 74 жастағы Шымкент тұрғыны вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ем-дом кезінде асқынулар болған жоқ дейді мамандар. Емдеу терапиясынан кейін науқастан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 3 тамыз күні ауруханадан шығарылды.
Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 3314 науқас дертінен айығып шықты.