Шымкенттің солтүстік бөлігіндегі мекемелердің бірінде атыс орын алды. Қазір мекеме толықтай қоршауға алынды. Расталмаған мәліметтерге сәйкес, оқиғадан зардап шеккендер бар.
Сол маңайдағы көлік жүргізушілерінің сөзінше, полиция қызметкерлерінен бөлек, жол бойында ОМОН-дар да кезекшілікте тұрғанын айтады.
Сондай-ақ, оқиғаға күдікті құрықталды. Алайда бұл ресми дереккөз емес. Біздің тілшілер де оқиға болған жерде жұмыс істеуде. Әзірге осы… Тағы бір ақпарат болғанда, оперативті түрде хабарландырамыз.
Шымкенттегі атысқа қатысты тағы бір тың мәлімет, инсайдерлік ақпарат бойынша, атыс нәтижесінде бір адам қаза тауып, екіншісі жарақат алып, қазір ауруханада ауыр халде жатыр. Біздегі дереккөздерге сәйкес, күдікті ұсталды, бірақ бұл ақпарат ресми расталған жоқ.
Нұрлан Сұлтанбек