«Визит» ЖШС-нің қоймасында орын алған өрт туралы тың мәліметтер пайда болды

306

Шымкент қаласында  2 тамызда сағат 11:07-де Әл-Фараби ауданы, Төлеби көшесі бойында орналасқан «Визит» ЖШС-ның аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келіп жеткен алғашқы өрт сөндіру бөлімдерінің анықтағаны аталған объектіге қарасты алкогольсіз сусындарды сақтауға және өндіруге арналған жалпы көлемі 2430 ш.м. құрайтын қойманың шатыры жанған.

Қойманың қабырғалары сэндвич, шатыры темір тордың негізінде профнастил. Сағат 12.20-да аумағы 300 ш.м. құрайтын шатыр құлады. Өрттің жалпы көлемі 750 ш.м.

Оқиға орнына №2 шақыртумен Өрт сөндіру қызметінің 21 техникасы мен 89 қызметкер, жергілікті атқарушы органдарынан 2 техника, Полиция департаментінің 8 техникасы мен 60 қызметкері жұмылдырылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпарат үшін: Өндірісті 2016 жылы қауіпсіз реагентке аустырған.

 

QAINAR KÓZШымкент қ.Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы