Биыл ұлттық қауіпсіздік органдары 12 жасырын есірткі зертханасының әрекетін тоқтатты. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметі өкілдері мәлім етті.
Қазіргі уақытта қазақстандық жастар арасында синтетикалық есірткі түрлерінің таралуы қоғам үшін қауіп төндіріп, елеулі проблемаға айналуда. Ірі қалаларда синтетикалық есірткіні өткізу жағдайы артып келеді.
Жалпы, заңсыз айналымнан 145 келіден астам синтетикалық сипаттағы есірткі мен 2 жарым тонна химиялық прекурсор тәркіленді. Өндірілген есірткі ірі партияларда көлеңкелі сегментінде әрекет ететін есірткі дүкендерінің өкілдеріне өткізіліп отырған. Ал ақысы электронды төлем жүйесі арқылы қабылданған.
Мақпал Рысбаева