Әскери бөлімнен ұрланған қару-жарақ ісі: «Қаруды ешкімге сат деген жоқпын»

277

 

Түркістан облысындағы әскери бөлімдегі қару-жарақ ұрлығына қатысты сот отырысы бүгін тағы да жалғасты. Бұл жолы сот залына куә болып бөлімше бастығы келді.

Қару ұрланған кезде бөлімше командирінің міндетін атқарушы болған ол қылмыстық істегі басты фигурант Абылай Балғынбайдың сөздерінің бәрін жоққа шығарды. Яғни, «қаруды басшының бұйрығымен ұрладым» деген кіші сержанттың сөзі қып-қызыл жала деген Ержан Даудов, тіпті қару ұрланған кезде өзінің басшы болғанынан да бейхабар екен-мыс.

 

Ержан Даутов, куәгер: «Тағайындалмағам. Тағайындалған деп бұл кісілер айтып тұр. Мен ұрланғаннан кейін ертесіне Шевченконың қолынан көрдім 252 бұйрықты. Мен ол бұйрықпен таныспағам. Мен ұрланғаннан кейін барып көрдім приказды. Егер мен қабылдап алу керек болсам, жоғары қойылған басшылықтан комиссия құрылып, қабылдатқызуы керек емес пе маған? Менде бұйрық шығарып, қабылдап алатын құзыр жоқ. Менің қолымда тапанша кілті болған жоқ. Ешқандай қару жарақ кілті болған жоқ. ешкімге сат деген жоқпын».

Назерке Үкібасова