Биыл агроқұрылымдарға мемлекеттік қолдау көрсетілді

276

Биыл агроқұрылымдарға үлкен мемлекеттік қолдау көрсетілді.Мақта кобайны Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 40 мың тоннаға жуық жанармай бөлінді. Бірер күнде өңірімізде жаппай мақта жинау науқаны басталғалы отыр. Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша мақта дақылынан 26,2 ц/га 330 мың тонна өнім жинау көзделуде.

Мақталы алқап

Биылғы жылы алғаш рет арам шөптермен қатар, өсімдік зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын пестицидтер мен биопрепараттардың құнын субсидиялауға 477 млн. теңге бөлініп, 343 түрлі пестицидтер 50 пайызға субсидияланатын болды.

Нұрбол БЕКМҰРАТОВ, Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары: «500 түрлі минералды тыңайтқыштардың құнын 50 пайызға субсидиялауға 3 млрд. 75 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұл өз кезегінде 75 мың тонна минералды тыңайтқыштың құнын субсидиялауға мүмкіндік берді. «Кең дала» бағдарламасы арқылы жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6 пайызбен 4,5 млрд. теңге бөлініп, 1332 жоба қаржыландырыды».

Шынар Оразова