Жалпы Мақтаарал ауданында 569 шақырымды құрайтын 600-ден астам көше бар. Жолдарды жөндеу жұмыстарына 2020 жылғы бюджеттен 1 млрд 600 мың теңгеден астам ақша бөлініп, 94 көшеге тас төсеу жұмыстары, 75 көшені асфальттау жоспарланған.

Қазіргі таңда 75 көшенің 60-ында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, халық игілігіне берілді. Қалған көшелерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоспарда болған көшелерді жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін 100 пайызға аяқталады. Ал 2019 жылы 69 шақырымды құрайтын көшеге асфальт төселген. Қазіргі таңда 90-нан астам көшеге тас төселіп үлгерген. Ал, 2021 жылы бюджеттен бөлінген қаржыға 100-ден астам көше де толық жаңартылмақ.