Елбасы «Шымкент ескі қалашығы» археологиялық нысанында болды

309

Қалаға іс-сапармен келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Шымкент ескі қалашығы» археологиялық нысанында болды. Көне қалашықты аралау кезінде археологиялық жұмыстармен және мәдени кешенді дамыту жоспарларымен танысты.

Алдағы жылы кешен аумағында үш деңгейлі ортағасырлық мұражай мен 500 орындық амфитеатрдың құрылысы басталады. Қала басшысы үшінші мегаполистің туристік әлеуетін баяндады.

Сондай-ақ, Елбасы «Казмедприбор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тыныс-тіршілігімен де танысты. Жеті жылдан бері «Казмедприбор» ЖШС-і 15 мыңнан астам медициналық құрал-жабдық, 120 мыңнан астам медициналық жиһаз бен 700-ден аса жедел жәрдем көлігін жасап шығарды.

Сонымен қатар мұнда өкпені жасанды жолмен тыныстандыратын турбиналық аппарат пен жаңа туған нәрестелерге арналған инкубатор да өндіріледі.

Мақпал Рысбаева