Úı ANONS Жас ғалымдарға пәтер кілттері табысталды

Жас ғалымдарға пәтер кілттері табысталды

фото Ақорда
Ғылым қызметкерлері күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 10 жас зерттеушіге пәтер кілттерін табыстады. Бұл – жас ғалымдарды қолдауға бағытталған маңызды әлеуметтік бастамалардың бірі.
Жас ғалымдар Алматы және Астана қалаларынан толық жиһаздалған баспаналарға ие болды. Алматыдағы жаңа пәтер иелері қоныстанып үлгерді. Пәтерлер барлық қажетті тұрмыстық техника және жиһазбен қамтамасыз етілген.
Аталған қолдау шарасы елімізде ғылым саласына ерекше мән беріліп отырғанын көрсетеді. Ғалымдарға жасалған мұндай жағдай – елдің зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған нақты қадам. Бұл өз кезегінде мемлекеттің тұрақты дамуына және жарқын болашағына негіз қалайды.