Мемлекеттік қызметкерлер туралы заңға түзетулер енгізу қажет

117

Мемлекеттік қызметкерлер туралы заңға түзетулер керек. Осылай деген Нұрлан Нығматуллин бүгін депутаттар талқысына президент жолдауын салды. Мәжіліс төрағасы мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғырту үшін заңды түзету керектігін айтады. Және кәсіпкерлерге қолдау керектігін жеткізді.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы: «Жыл соңына дейін Үкіметке квазимемлекеттік сектордың барлық сатып алуларын қамтитын бірыңғай заң әзірлеу тапсырылды. Бұл тақырыпты депутаттар бірнеше рет көтерген болатын. Сондай-ақ, Президент біздің алдымызға Үкіметпен және «Атамекен» ұлттық палатасымен бірге Салық кодексі мен заңға тәуелді актілерді қайта қарау туралы міндет қойды».

Одан бөлек мәжілістің жаңа маусымдағы алғашқы отырыста құқық қорғау, сот жүйесіне реформа керектігі айтылды. Және экология туралы кодекс жобасы да талқыланды.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы: «Біздің алдымызда көптеген ауқымды жұмыстар тұр. Басты бағыт –Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруды заңнамалық қолдау».

Назерке Үкібасова