Қазан айының алғашқы күндері шуақты болады

212

Синоптиктердің болжамы бойынша  ауа райы бүгін Түркістан облысы аумағында және Шымкентте құбылмалы. 1-ші қазанда  таулы аудандарда жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Түнде ауа температурасы +2-+7 градусқа дейін төмендейді.

Күндіз сынап бағанасы +15-+20 градусты көрсетеді. 2-ші қазанда күн  ысиды, ауа температурасы +23 градусқа дейін жоғарылайды.

Әсия Қыдырбаева, «Қазгидромет» РКК Түркістан облыстық филиалының өкілі: «Шымкентте бүгін жаңбыр жауады. 1-ші қазанда  ауа температурасы  күндіз +18-+20 градус. 2-ші қазанда сынап бағанасы 22 градус жылылықты көрсетеді».