Санитарлық талапты сақтамағандарға 100 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

135

Облысымызда коронавирусты инфекцияның алдын алу мақсатында 5 шілдемен 1 қыркүйек аралығында 53 мобильді топтармен Түркістан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық және қалалық басқарма мамандарымен бірлесіп карантин режимі кезінде қызметін жүзеге асыратын обьектілерге мониторингілеу жұмыстары жүргізілді.

Мобильді топтармен жүргізілген рейд жұмыстарының нәтижесі бойынша 19 489 нысан араланып, карантин талаптарын бұзған 2181 нысан анықталды. ҚР ӘҚБ Кодексінің 425 бабының 1 тармағымен 2097-жеке тұлғаға 30 АЕК көлемінде, 67 жеке кәсіпкерге, 7 заңды тұлғаға , 10 лауазымды тұлғаға хаттамалар толтырылып 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Жалпы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2181 хаттама толтырылып, 114 млн 217 470 теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 86 млн 985 960 теңгесі өндірілді.

Егер 7 күн ішінде айыппұлды өтейтін болса 50 пайызы ғана төленеді.
Бүгінгі күнге дейін 41 беташар, 6 келін түсіру, 23 қыз ұзату, 5 құдайы тамақ, 16 құдалық, 5 бесік той, 2 тұсау кесер сүндет той, 10 ұжымдық жиын, жалпы 108 отбасылық, мерекелік іс-шаралар анықталып, тоқтатылды.

Түркістан облысы бойынша 1 қыркүйекке дейін қызметін қайта бастауға InfoKazakhstan.kz сайты арқылы санитарлық нормаларға сәйкестік актісін алуға аталған порталға 27 410 өтініш келіп түскен. Соның ішінде 23 617 нысанға хабарлама беру арқылы рұқсат берілсе, 165 нысанды көріп тексеру арқылы рұқсат берілді. 1220 өтінішті қанағаттандырудан бас тартылған және 75 нысан қаралуда.
Құрметті Түркістан облысының тұрғындары.

Карантин талаптарын сақтап, өзіңізді және жанұяңызды коронавирусты инфекциядан қорғаңыз. Жақыныңызға жанашыр болыңыз.

 

QAINAR KÓZТүркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі