Шымкентте оқушыдан коронавирус анықталды. Бұл туралы бүгін сала басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді.

Айтуынша, шәкірт қаладағы №54 мектепте қашықтан оқиды. Айта кетейік, бүгінде қаладағы оқушылардың 22 пайызы ата-аналардың өтініші бойынша дәстүрлі жүйеде білім алуда. Осы жағдайдан кейін басқарма басшысы қазан айында білім алу бағдарламасына өзгеріс енгізілетінін жеткізді.

Жанат ТӘЖИЕВА, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы: «Ата-аналардың өтінішін қарайтын боламыз. Соның негізінде шешім шығарылады. Қазір мектептердегі сыныптарда барлық санитарлық талаптар сақталып отыр».

Мақпал Рысбаева