Шымкентте жүрек ауруынан ажал құшатындар артып барады

143

Шымкентте жүрек-қан тамыр ауруынан ажал құшатындар артып барады. Дәрігерлер сөзінше соңғы кездері аталмыш ауру қаладағы өлім дерегіне себепші дерттер көшіне шыққан. Осылай деп дабыл қаққан ақ халаттылар демалыс күні дендропаркте ашық есік күнін өткізді.

Шымкенттік Кәрілбек Әбденов демалыс күндері дендросаябаққа келуді әдетке айналдырған. Ал, бүгін жігіт ағасы таза ауда жүріп қана қоймай, жүрек қағысын тексертуге де мүмкіндік алды. Қаладағы кардиология орталығының ұйымдастырған акциясына қатысқан ол мұндай шаралардың жұмысбасты шымкенттіктер үшін аса қажет екенін айтады.

Айта кетейік, қыркүйектің 29-ы дүниежүзілік жүрек күні. Дәл осы атаулы күнге орай әлемнің 100 елінде тұрғындар жүрегін тексеру акциясы ұйымдастырылған. Шарадан шымкенттік кардиологтар да қалыс қалған жоқ. Дәрігерлер сөзінше соңғы кездері жүрек ауруы Шымкентте өлім дерегіне себеп дерттер көшін бастап тұр.

Дәл осы жүрек ауруынан жылына әлем бойынша 17 млн адам ажал құшады екен. Осылай деген ақ халаттылар Ресейдегі көрсеткіштің әлдеқайда көп екенін айтады. Көрші елде аурудан көз жұматындардың 56 пайызы жүрек-қан тамырына шағымданғандар екен.

 Назерке Үкібасова