Шымкентте ауа температурасы үш күн бойы +8 градусты көрсетсе, Шымкент қаласы әкімінің қаулысымен шаһарда жылу беру маусымы басталады. Әзірге,  күндіз сынап бағанасы +13+15 градус.

Абай ауданы әкімінің  мәліметіне сүйенсек, ауданға  қарасты Жаңаталап тұрғын алабында 5 үй, Қызылжар тұрғын алабында 16 үй және аудан орталығында 17 тұрғын үй жеке қазандыққа көшкен.

ПМК-49 көпқабатты тұрғын үйде  64 пәтерге жылу  дербес қазандықтан беріледі. Жылыту көзі мұнда көмір. Маусымда күніне 500-1200 тонна көмір жағылады екен. Жылдық қажеттілік 250-300 тонна. Бүгінгі таңда мұнда 10 тонна түсіріліп, құбырлар суға толтырылған.

Шынар Оразова