Úı ANONS Абай ауданында Конституция жобасы талқыланды

Абай ауданында Конституция жобасы талқыланды

Шымкентте Конституцияға енгізілетін өзгерістерді түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Кезекті кездесу қаладағы № 140 мектепте өтті. Кездесу барысында жаңа заң жобасының негізгі тұстары кеңінен талқыланып, оның қоғам үшін маңызы түсіндірілді. Абай ауданының тұрғындары өз пікірлерін ашық айтып, ұсыныстарын ортаға салды. Әсіресе білім беру және сот жүйесіндегі өзгерістерге оң көзқарас байқалды.

ТОЛЫБАЙ ОМАШЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Білім саласына біраз өзгерістер енгізіліп жатыр. Оған қуанып жатырмыз. Өйткені білімде шикіліктер көп. Ата-аналардың арыз-шағымдары көп. Соған білім саласындағы өзгерістерге қуаныштымыз. Екінші, сот жүйесіндегі мәселелер. Сотта да кейбір кезде әділетсіздіктер болып жатқан жағдайлар көп. Сол сот жүйесіне біраз өзгерістер енгізілген екен. Соған қуанып отырмыз»

Айта кетсек, Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум өткізу жөніндегі жарлыққа қол қойған еді. Енді 15 наурыз күні ел азаматтары ұсынылған өзгерістерді қолдау немесе қолдамау жөнінде шешім қабылдайды.

ЛАУРА БАБАС