ӘКК: Сүт тауарлы фермасына жем-шөп алдын ала дайындалуда

374

Оңтүстік өңірі мен облыс орталығы жұртшылығын экологиялық таза өніммен қамтамасыз ету мақсатында Түркістан аумағының айналасында азық-түлік белдеуін құру бағытында жұмыс қарқын алған.

Тың инвестициялық жобаларды жүзеге асыру міндеті «Түркістан» әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясына жүктелген. Ең негізгі бағыттардың бірі – агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бағытындағы жобалар.

Мына жүгері биылдыққа егіс алқабындағы екінші өнім. Былтыр көп жылдары игерілмеген жерге күздік бидай егіліпті. «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ірі инвестор тарту арқылы қаланың төңірегінде ірі сүт тауарлы фермасының құрылысын, жаңбырлатып суару жүйесін қолдана отырып, жемшөп дақылдарын өсіру жобасын қолға алыпты.
Ержан Рахымов, «Түркістан» ӘКК» АҚ өкілі: «Біз  ірі инвестор-«Ақ Жол» компаниясымен бірге бірлесіп осы жобаны жүзеге асырып жатыр. Егерде біреулер бірінші ферма салып, сосын жем-шөп дайындаса, біз басқа жолмен, бірінші  азық дайындауды жөн көрдік.  Италияндық технология бойынша 1.2 мың бас ірі қара малға арналған сүт-тауар фермасының құрылысы жүргізілуде.Келер жылы қазан айында пайдалануға тапсырылады. Жем-шөптің қорын жасау бағытында  егістіктерді жаңыбрлатып суғару бойынша 18 машина, 26 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынып машина-трактор стансасы құрылды».

Егіс алқаптарына су Арыс-Түркістан каналы арқылы жеткізіледі. Айта кететін жәйт, бұл жоба Түркістан қаласы айналасында азық түлік белдеуін құру бағытында жүзеге асып жатқан ауқымды ұзақ мерзімді жобалардың бірі.
Бақытжан БАЙЖҰМАРОВ, «Ақ жол»ЖШС  бас директорының ауыл шаруашылығы бойынша орынбасары: «Біз 107 ұсақ шаруашылықтардың басын біріктіріп кооперация құрдық. Осындағы 30 жылдан астам уақыт игерілмеген жерлерді өңдедік. Бұл мақсатта 26 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алдық. Күздік бидай, сүрленген шөп жүгері, жоңышқа ектік. Өнім жаман емес. Жиналған жемшөп сақтайтын 4 орын дайындадық. Келер жылы қазанда сүт тауарлы фермасы пайдалануға тапсырылғанда, мал азынан ешқандай күрделік туындамайды».

Осы бағытта әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының «710 гектар алқапта жаңбырлатып суғару жүйесін қолдануды кеңейту» жобасы жүзеге асырылуда. Осындағы ұсақ 67 фермерлік шаруашылықтарды біріктіріп, олардың жер учаскелерінде жемшөп дақылдарын: күздік бидай, жүгері және жоңышқа өсіру жоспарлануда. Жоба аясында 8 бірлік жаңбырлатқыш машиналарын орнату көзделуде. Негізгі мақсат «Ордабасы Құс» фабрикасын жем-шөппен қамтамасыз ету.

Шынар Оразова