Биыл елімізде 200-ден астам адам өрттен қаза тапқан

110

Биыл елімізде 200-ден астам адамның ажалы өрттен болған. Бұл туралы бүгін еліміздің төтенше жағдайлар министрі мәлім етті.

Айтуларынша, төтеншеліктер тәулік сайын 100-150 рет шақыртуларға шығады екен. Оқыс оқиғалардың дені тұрғын үйлерде болған. Тілсіз жаумен күресудегі құзырлылардың дайындығы туралы келесі сюжетте.

Биыл елімізде 200-ден астам адам қызыл жалынның құрбаны болып, қаза тапқан. Жыл басынан бері 9 мыңнан астам өрт орын алған. Тілсіз жаудан 300-ге жуық адам жарақат алыпты. Мұндай жағымсыз статистикамен еліміздің Төтенше жағдайлар министрі бөлісті. Айтуынша, төтеншеліктер тәулік сайын 100-150 рет шақыртуларға шығады екен. Оқыс оқиғалардың дені тұрғын үйлерде болған.

Юрий ИЛЬИН, ҚР Төтенше жағдайлар министрі: «Тұрғын үй секторында – 12% – ға, көлікте-19%-ға, бақылаудағы объектілерде-8%.  Орман өрттерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 20% – ға артқан».

Ал Шымкентте жыл басынан бері 148 өрт оқиғасы тіркелген. Тілсіз жаудан 4 адам қайтыс болыпты. Ал өткен жылыту маусымында 10 жайсыз оқиға тіркеліп, 12 адам иіс тиіп, қаза тапқан. Бүгінде төтеншеліктер еліміздегі жағдайы нашар 100 мыңнан астам отбасының жылыту маусымында осындай жайсыз жағдайларға тап болмасы үшін тиісті көмектер көрсетуді қолға алған. Биыл осы тұрғын үйлерде газды анықтайтын 11 мыңнан астам датчик құрылғылар орнатылыпты.

Юрий ИЛЬИН, ҚР Төтенше жағдайлар министрі: «15 тамыздан 15 қыркүйек аралығында алғашқы рейдтік шараларды жүргіздік. Өкінішке қарай, иеліктегі 30 мыңнан астам үйде тұрғындар тиісті шараларды жасамаған. Сондықтан тиісті ақпаратты барлық атқарушы органдарға жолдадық. Олар өз кезегінде аталған тұрғын үй секторындағы жағдайға назар аударады».

Биыл ел аумағында дала өрті де жиілеген. Былтырмен салыстырғанда өсім екі есе болған. Күн суығанымен, орман, дала өртінен әлі де қауіп бар дейді министр.

Мақпал Рысбаева