Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жиын пунктінен бірінші команда Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен бөлімшелеріне мерзімді қызмет өткеру үшін аттанды. Өздерінің конституциялық борышын жастар Жамбыл облысындағы Тұрар Рысқұлов ауданының әскери бөлімдерінің бірінде атқарады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Шымкент қаласындағы және Түркістан облысындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Серікбай Оңбаев пен Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары подполковник Ринат Мадьяров жас буынның алдында сөз сөйледі. Барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, жастармен әңгімелесу қалалық Департаменттің саптық алаңында өткізілді.
«Қазір сіздер үшін пойызбен жолда және жайғасқанша, әскери бөлімге жеткенше жақынырақ танысып, бір-біріңізбен ортақ тіл тауып, демеу болу өте маңызды. Әйтпесе, бір-бірден сіз ештеңе үйрене алмайсыз, тек ең жақсы адами қасиеттеріңізді жоғалтасыз», — деді полковник Онбаев.
Әскерге шақырылушыларды бөлімдерге жіберер алдында коронавирустық инфекцияға тексереді. Сонымен қатар, оларға әскери бөлімге барар жолда бактерияға қарсы заласыздандыру қол гельдері, медициналық қолғаптар мен маскалар берілді.
Әскерге шақырылушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін неғұрлым толық есепке алу үшін жиналу пунктінде жергілікті әскери басқару органдарының психологтары бірге әскери бөлімдердің офицер-психологтары жұмыс істеуде.
Әскерге шақырылушылар әскери қызмет атқару орындарына теміржол көлігімен барады. Барлық жол бойында әскерге шақырылушылар тамақпен қамтамасыз етіледі. Қызмет орнына жіберер алдында әскерге шақырылушылар далалық киім нысанымен қамтамасыз етіледі. Қарулы Күштерге жіберілетін болашақ әскери қызметшілерге банк карталары мен несессер беріледі.
Қарулы Күштердің әскери бөлімдерін толықтырудың ерекшеліктеріне кейбір әскерге шақырылушылар 6 ай ішінде танк, БТР немесе БМП механик-жүргізушісі, артиллериялық және миномет қаруларының нысанашылары, инженерлік қамтамасыз ету мамандары, байланыс мамандары сияқты әскери мамандықтар бойынша оқу орталықтарында оқудан өтетіндігін жатқызуға болады. Оқу аяқталғаннан кейін олар әскери бөлімдерге мамандар ретінде жіберіледі.
Кейінге қалдыруға құқығы бар әскерге шақырылушылардың санатын кеңейту де маңызды жаңалық болып табылады. Енді кейінге қалдыру қосымша: оқытушыларға, олардың бүкіл жұмыс кезеңіне; сондай-ақ құқық қорғау органдарының білім беру мекемелерінде оқудан өтіп жатқан азаматтарға берілетін болады.
Биылғы жылы Шымкенттен әскери қызметке 1500-ге жуық азаматты жіберу жоспарланып отыр.