Шыңғыс Мұқан кітапханаларда Коворкинг орталықтарын ашу қажеттігін айтты

207

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұхан Жұмабекұлы және Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Есенова Ханзада Әзімханқызы Шымкент қаласы орталықтандырылған балалар кітапханасына және Абай атындағы кітапханаға арнайы ат басын бұрды.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлы кітапханалар тынысы және атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысып, кітапханалар желісін жаңғырту, атқарылар жұмыстарды батыстық жүйеде дамыту және Коворкинг орталықтарын ашып, жастар өз уақыттарын тиімді әрі пайдалы іспен айналысуына жағдай жасау сондай-ақ кітап қорын толықтырып, құнды деректер жазылған ескі кітаптарды электрондық жүйеге көшіру және оқырман сұранысын басты назарға алынуын нықтап жеткізді.

Қала аумағындағы кітапхана жүйелерінде балалар бос уақыттарын орталықта өткізіп, цифрландырылған жүйеге өткізілуі тиіс деді.

Сонымен қатар, басқарма басшысы Есенова Ханзада Әзімханқызы қатардағы кітапханалар басшыларымен жүздесіп, маңызды сұрақтар бойынша аздаған сұхбат жүргізді. Кітапхананың бүгінгі күні мен алдағы уақыттағы атқарылар жұмыстарын, нақты жоспарларын қарап алдағы уақытта кітапханаларды жаңғырту және модернизациялау мақсатында және оны жүзеге асырудағы жоспарларға ой қосып, нақты тапсырмалар берді.