Сарыағаш ауданындағы Жартытөбе ауылдық округіне қарасты бес ауылдың бірі Ынтымақ елдімекеніндегі халықты сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 548 үйге жаңадан электр бағаналары тартылып, 12 трансформатор жаңартылды.
Жартытөбе ауылдық округінің әкімі Абай Әшіровтың мәліметіне жүгінсек, бұл бағыттағы жұмыстарға биыл республикалық бюджеттен 391 096 мың теңге қаржы қарастырылған.
Айта кететін жәйт, Сарыағаш ауданындағы Қызылжар ауылында 5,4 шақырым, Дархан елдімекенінде-2,16, Дарбаза ауылында-5,6 шақырым, Жонарық елдімекенінде 4,3 шақарым Бостандық елдімекенінде кернеуі 0,4 жалпы ұзындығы 19.36 шақырым тозығы жеткен сымдар, ағаш бағаналар темірбетонды бағаналарға ауыстырылды.
Шынар Оразова