Әл-Фараби ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске қосылды

266

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының аясында Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске қосылды.

Жобаның мақсаты Әл-Фараби ауданының аумағын абаттандыру, дамыту бойынша жергілікті бюджет қаражатын бөлу процесіне қала тұрғындарын қатыстыру арқылы қалалық бюджетті қалыптастырудың ашықтығына, қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша тұрғындардан өтінімдер қабылдау ағымдағы жылдың 20 қазанынан бастап 5 қарашасына дейін жүргізіледі;
Кез-келген аудан тұрғыны аудан аумағын абаттандыру, дамыту және жақсарту бойынша өз идеясын ұсына алады;

Егер сіздің жобалық ұсынысыңызды дауыс беру процесінде басқа тұрғындар қолданса, ол жоба қалалық бюджет есебінен 2021 жылы жүзеге асыруға ұсынылады;
Сіздердің ұсыныстарыңызды ағымдағы жылдың 5 қарашасына дейін күтеміз!
Жалпы жобаны жүзеге асырудың 3 кезеңі бар.

Біріншіден, сайт арқылы тұрғындардан ұсыныстар жинақталады. Яғни, тұрғындар аудан әкімі аппараты құзыретіне кіретін салалалар бойынша талап-ұсыныстарын жіберуіне мүмкіндігі бар. Аумақты көгалдандыру, аяқжолдарды жайластыру, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу, т.б., мәселелер бойынша ұсына алады. Жобаға ауданда тіркелген кез келген азамат қатыса алады.

Жобаның талаптарына сәйкес, жинақталған ұсыныстар аудан әкімдігі тарапынан құрылған Сараптамалық кеңеске ұсынылады. Сараптамалық кеңес жобалар тізбесін іріктеп, дауыс беру үшін сайтқа орналастырады. Дауыс беру нәтижелері бойынша көп дауыс жинаған жобалар 2021 жылы аудан әкімдігі арқылы жүзеге асырылатын болады.
Әл-Фараби аудандық «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша жұмысшы орган Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты.

Қосымша сұрақтар бойынша байланыс телефон: 8701-544-04-33;
Жобалық ұсыныстар бойынша өтінімдер Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында қабылданады.

Жобаға қатысты қосымша ақпараттармен Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналасқан «Халық қатысатын бюджет» сілтемесі арқылы танысуға болады.