«Shymkent Tourism Center» туристік-ақпараттық орталығы құрылды

311

 

Шымкентте қала туризмін дамытып, бизнес ортаны нығайтатын «Shymkent Tourism Center» туристік-ақпараттық орталығы құрылды.

Орталық – ішкі туризмді дамытумен бірге Шымкент қаласы бойынша туристік нысандарды отандық және шетелдік нарықта насихаттауға ықпал етеді.
Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов шаһарда туризмді өркендетуге үлес қосатын орталықтың жұмысымен танысып, сала мамандарымен пікірлесті.

Мақсұт Пернебайұлының сөзінше орталық- туристерді ақпаратпен қамтамасыз етіп, өңірдің туристік әлеуетін маркетингін ілгерілету мен талдау, халықаралық шараларды ұйымдастырып, іскерлік туризмді дамытумен айналысады.

Орталықта «бір терезе» қағидатымен төмендегі бағыттар бойынша жұмыс істейді. Олар: көші-қон қызметтерінің көмегін пайдалану, туризм саласын талдау, қаланың туристік имиджін дамыту, ірі туроператорларды анықтап, оларға туристік маршруттарды ұсынады. Іскерлік іс-шараларды өткізіп, осы салаға инвестиция тартумен айналысады.

Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарына кеңес беру қызметі, туристік карталар ұсынып, қалада өткізілетін іс-шаралар жөнінде жарнамалық ақпараттарды таратады.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі