Úı ANONS Жапон саябағында тазалықты сақтау — баршаның міндеті

Жапон саябағында тазалықты сақтау — баршаның міндеті

Жуырда ғана пайдалануға берілген жапон саябағы қала тұрғындарының жайлы демалысына арналған жаңа қоғамдық кеңістік. Алайда соңғы күндері саябақ аумағында көгалдардың тапталуы, қоқыстың бейберекет тасталуы және абаттандыру нысандарының бүлінуі сияқты келеңсіз жағдайлар тіркеліп отыр. Осыған байланысты Шымкент қаласының әкімдігі қала тұрғындарына қоғамдық орындарды таза ұстау және ортақ мүлікке ұқыпты қарау қажеттігін еске салады.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабына сәйкес, ортақ пайдалану орындарын ластағаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Қайталанған жағдайда жауапкершілік күшейтіледі. Сондай-ақ, ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес елдімекендерді абаттандыру қағидаларын бұзу, жасыл желекті, көгалды және инфрақұрылым нысандарын бүлдіру үшін де әкімшілік жауапкершілік бар екенін ескертеміз.

Нұргүл Жолымбетова