Түркістан облысында екпеден бас тартқан ата-аналардың саны артып келеді. Биыл өңірде 900-ге жуық отбасы балаларына жоспарлы вакцина салдырмаған. Мамандар вакцинацияның маңызын қалай түсіндіріп жатыр? Аймақта қандай жұқпалы ауруларға қарсы екпе тегін салынады?
Түркістан облысында жұқпалы аурулардың алдын алу және халық денсаулығын қорғау мақсатында жоспарлы иммундау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы облыстық санитариялық эпидемиялогиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
НҰРБЕК НЫШАНОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ ЭПИДЕМИЯЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: «Вакцинация – бұл адам өміріне қауіп төндіретін жұқпалы аурулардан қорғайтын ең сенімді әдісі. ДДҰ-ның мәліметі бойынша, соңғы 50 жылда вакцинация 150-мыңнан астам өмірін сақтап қалған. Бұл әр минут сайын 6 адамның өмірін сақтап қалады деген сөз. Вакцинация өлімнің 40 пайызға дейін баланың өлімнен сақтауға көмектеседі».
Нұрбек Нышановтың сөзінше, 21 жұқпалы індетке қарсы екпе бар. Екпе бала туғаннан бастап салынады. Мысалы, 4 күнге дейін туберкулезге қарсы және ВГВ вакцинасы егіледі. Жалпы балаларға салынатын екепегің бәрі қызылша, дифтерия, көкжөтел, полиомиелит, А вирусты гепатиті секілді қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді жолы.
Қазір 14-17 жас аралығындағы қыздарға Адам папиллома вирусына қарсы екпе салу басталған. Қазіргі уақытқа дейін аймақта оны 102 мыңға жуық қыз екпе алған. Десе де аймақтың бас эпидемиологы иммундаудың төмен екеніне алаңдайды. Айтуынша, екпені уақытылы орындамай жатқан не одан мүлде бас тартқандар бар. Мысалы, өткен жылы 25 адам қызылшамен ауырған. Биыл олардың саны артып, 47-адамға жеткен. Ауырғандардың бәрі екпе алмаған тұрғындар. Ал екпеден бас тартқандар саны көбейген.
Айта кетейік, өткен жылы 750 шақты ата-ана түрлі себеппен баласына екпе салудан бас тартқан. Жалпы екпе тегін салынады. Вакцинация салғаннан соң балалар медициналық бақылауға алынады.
Дилара Иса






