Түркістан қаласының Бас Жоспары таныстырылды

124

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов әлеуметтік желідегі парақшасында жақсы жаңалығымен бөлісті.

«Бүгін Үкіметтің кезекті отырысында, өңір басшысы Өмірзақ Естайұлы Түркістан қаласының Бас Жоспарын таныстырды.
­
Бүгін қаламыз үшін ерекше күн. Олай дейтінім — бүгін қала бойынша 2050 жылға дейін атқарылуы тиіс, ел игілігі үшін жоспарланған жобаларға Үкімет тарапынан оң баға беріліп, алдыңғы уақытта да қолдау білдірілетіні айқындалды. Халыққа аса қажет инфрақұрылым, денсаулық, білім салаларына қазіргіден де басым көңіл бөлініп, өңірімізді гүлдендіре түсудің жолдары нақтыланды.
­
Елбасымыздың бастамасымен қолға алынған жоба 200 мыңға жуық адамның күнделікті өмірін жақсартуға септігін тигізді. Екі жыл ішінде бастау алған әр жоба жаңа жұмыс орындарын аша, жаңа мүмкіндіктер мен жайлылық беріп келеді.
­
Осы күнге дейін әр бастамамыздың сәтті іске асуына қолдау білдіріп келген Үкімет басшысы Асқар Ұзақбайұлының ықпалы ерекше. Әр жобаның барысымен жеке танысып, қашан да медет болып келді. Ендігі, осы кісілердің демеуімен алдымызда атқарар жұмыс баршылық, мақсатымыз да биік, ниетіміз де таза.
­
Алланың назарындағы аймақтың бірі болып, халқымыздың қолдауымен Түркістанның гүлдене түсетініне сенімім мол».