COVID-19: Тағы 9 науқас қайтыс болды

108

Өткен тәулікте 9 қазақстандық коронавирустан қайтыс болды. Ал дерт 745 азаматтан анықталған.

Індет әлі де елдің солтүстігінде өршіп тұр. Бір күннің өзінде 77 қостанайлықтан қатерлі вирус табылған.

Бұған қарағанда Шымкент пен Түркістан облысында жағдай тәуір. 7- желтоқсан күні мегаполистің екі тұрғыны мен облыстың 4 азаматынан тәжівирус табылған.

Айта кетейік, ел бойынша бүгінде 14 096 науқас вирустан емделуде. Оның 1010-ы бала. Өкінішке қарай, 241 науқастың жағдайы ауыр. Тағы 39-ның жағдайы аса ауыр болса, 33-і өкпені жасанды желдету аппаратына таңылған.

 Назерке Үкібасова