Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған салтанатты жиыны
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде Департамент басшысы Б.А.Унербаевтың төрағалығымен «Тәуелсіздік күні» мерекесіне «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.А.Бекжановтың, «Соғыс және радияциялық апаттарының мүгедектері» Түркістан облыстық қоғам бірлестігінің төрағасы С.Қ.Ирпиисовтың және «Сайрам-Семей-Чернобыль» Сайрам аудандық қоғамы бірлестігінің төрағасы Ю.Усмановтың, сондай-ақ «Асар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы З.М.Махмудовтың қатысуымен құттықтау рәсімі өткізілді.

Құттықтау барысында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің атынан төсбелгілер, грамоталар, алғыс хаттар табысталды.

Атап айтқанда, Департамент басшысының МӘС мәселелері жөніндегі орынбасары Т.Б.Дауытов Қазақстан Республикасы Президентінің «Ерен Еңбегі үшін» төсбелгісімен, Департамент басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Е.Е.Ергеш Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен, № 5 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы Г.Т.Қожабаева «Құрмет грамотасымен» және қаржы және ұйымдық-техникалық қамсыздандыру бөлімінің бас маманы М.Н.Шапиева «Алғыс хатпен» марапатталды.