Коронавирустық пандемия – бұл қазақстандықтар үшіннағыз сынаққа айналған тәжірибе, сонымен қатар 2020 жылы қазақстандық медицина үшін бұрын-соңды болмаған сынақ.
«Халық» қайырымдылық қоры» ЖҚ алдыңғы қатарда болып, отандастарымыздың денсаулығы мен өмірін кәсіби шеберлігімен қорғаған адамдардың батылдығы мен жанқиярлық еңбегі үшін алғыс білдіреді.
Halyk қайырымдылық қоры Қамқоршылар кеңесінің төрайымы Динара Кұлыбаева медицина қызметкерлері мен ұйымдарды медицина саласындағы жоғары кәсіби шеберлігі үшін, сондай-ақ Қазақстандағы COVID-19 коронавирус пандемиясына қарсы күрестегі елеулі үлесі үшін мадақтау мақсатында HALYQ QURMETI-2020 сыйлығын тағайындау туралы шешім қабылдады:
«Біздің дәрігерлер – үлкен қиындықтар мен жұмыстың ауыртпашылығына, ауруды жұқтыру қаупі мен моралдықстресске қарамастан қазақстандықтардың денсаулығы мен өмірі үшін нағыз батырлар тәрізді күресті. Бұл нағызерлік, ол шексіз алғысқа лайық», – дейді қордыңқамқоршылар кеңесінің төрайымы Динара Құлыбаева.
HALYQ QURMETI-2020 сыйлығының лауреаты атанғанмедицина қызметкерлері мен ұйымдары Halykқайырымдылық қорынан ақшалай сыйақы алады. Жүлденіңжалпы ақшалай қоры 220 миллион теңгені құрайды.
Еліміздің барлық аймақтарынан келген медицина мамандары мен медициналық ұйымдар сыйлықтыңлауреаттары бола алады. Сыйлыққа үміткер болу үшін сізгеЕрежемен танысып, барлық қажетті құжаттардыwww.halyqqurmeti.kz ресми сайтында тіркеу қажет.
Объективті және ашық таңдау үшін Лауреаттарды таңдаубірнеше кезеңнен тұрады, оның біріншісі – Сыйлықтыңресми сайтындағы ашық дауыс беру. Екінші кезең – сыйлықтың арнайы Сараптамалық кеңесінің ашық дауысыболады. Жүлденің Сараптамалық кеңесінің құрамынамедицина саласындағы танымал қайраткерлер, медициналық әріптестер құрметтейтін және мойындайтын, медициналық қоғамдастықта күмәнсіз бедел мен сенімге иемедициналық кәсіподақтардың, ұйымдар мен университеттердің өкілдері кіреді.
Үміткерлерден өтінімдер қабылдау және ашық дауыс беру 25 желтоқсанға дейін жалғасады, содан кейін Лауреаттармарапатталады.
«Халық» қайырымдылық қоры» ЖҚ біздің еліміздің барлық медицина қызметкерлеріне өз ризашылығын білдіреді. Төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап «Halyk» қайырымдылық қоры» ЖҚ COVID-19 салдарымен күресуге және оларды жоюға бағытталған көп балалы және аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пакеттерін өтеусіз беру, медициналық қызметкерлерге ақшалай төлемдер және қажетті құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектерді беру түрінде көмек көрсетіп, көптеген жұмыстарды атқарды. «Халық»қайырымдылық қоры» ЖҚ медицина қызметкерлеріне 220 миллион теңге көлемінде сыйақы тағайындады.