Карантин режимін бұзу жайттарын анықтау мақсатында, Шымкент қаласы Полиция департаментінің аудандық Полиция басқармаларының қызметкерлерімен және арнайы құрылған мобильді топпен ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша барлығы 1206 құқықбұзушылық анықталды.
— Түнгі клубтар, кафелерде, ресторан, компьютерлік клубтар, букмекерлік конторалар – 262;
— Шаштараздарда, массаж салондарында, монша, сауна, әсімдік салондарда – 60;
— Той немесе басқа да жиын өткізгендер – 195;
— Дүкендерде, сауда үйлерде, базарларда– 372;
— Демалыс аймағы – 2;
— Басқада орындарда – 315;
— Көпшілік орында бетпердесіз жүргені үшін — 312.
Карантин режимін бұзу фактілеріне сараптама жүргізу барысында, төмендегі нысандар бірнеше рет құқық бұзушылықтарға жол бергені анықталды.
— Абай ауданы, «Шафран» кафесі -2
— Абай ауданы, «Метро» түңгі клубы -2
— Әл-Фараби ауданы, «Арзан» дүкені -4
— Әл-Фараби ауданы, «Донер» орталығы -3
— Әл-Фараби ауданы, «Мерей» тойханасы -7
— Әл-фараби ауданы, «Жұлдыз» мейрамханасы -3
— Әл-фараби ауданы, «Чехов-PUB» кафесі -5
— Әл-фараби ауданы, «Shelby» тойханасында -5
— Әл-фараби ауданы, «АВАЗ-АТА» азық-түлік дүкені -9
— Әл-фараби ауданы, «FC» интернет клубы -7
— Еңбекші ауданы «777,7 бочек» кафесі -2
— Еңбекші ауданы, «Злиха» саунасы -2
— Еңбекші ауданы «Татьяна» сауна -2
— Қаратау ауданы, «RoyaL Rose» тойханасы -3
Барлық іс-құжаттар Шымкент қаласы аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды.