Көпбалалы ана бірнеше минуттан кейін оған жаңа үйдің кілтін табыстайтынынан бейхабар. Түлкібас ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері шешуші сәтті тағатсыздана күтіп отыр.
Өкінішке орай, сіздің атыңызға бір кездері жер телімі рәсімделген. Сізге тұрғын үй қарастырылмаған. Қазір бәрін түсіндіріп береді.
Қайырымдылық қордың еріктілері тұрғын үйге мұқтаж отбасы туралы білген. Осыдан кейін олар жалғыз басты анаға тосын сый ұйымдастыруды жөн көріпті.
«Қарекет» қоры сізге сыйлық жасауға шешім қабылдады, біз сізге үйдің кілттерін табыстаймыз, жақын арада сол жерге көшуге болады. Енді бұл — сіздің жеке үйіңіз», — деді еріктілер.
Гүлшария Бекжанова өмірдің қиыншылықтарына қарамастан, тағдырдың барлық соқпақтарына төтеп беріп, өзінің мәселелері туралы ешкімге айтпауға тырысып келген екен.
Гүлшария БЕКЖАНОВА, көпбалалы ана: «Мен сене алмай отырмын. Барлығыңызға үлкен рахмет. Біз өте қиын өмір сүрдік».
Бұл отбасы үшін тағдырдың сынағы расымен де ауыр тиген. Көпбалалы әйелдің күйеуін әлдекімдер өлтіріп кетіпті. Гүлшараның табысы — бұл 6 балаға берілетін жәрдемақы, оған қоса жалақысы да бар. Мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Бар тапқан табыс күнделікті ас-ауқат пен жалға алынған пәтердің ақысын төлеуге әрең жетіп келген.
Гүлшария БЕКЖАНОВА, көпбалалы ана: «Мен ешқашан ешкімнен көмек сұрамадым және талап етпедім. Бір рет әкімдік бас тартты. Сосын ойланып, бәріне өзіміз қол жеткіземіз деп шешім қабылдадым. Маған қордың жігіттері келіп, айтты. Бүгін олар қоңырау шалды, осында шақырды. Бәрібір бермейді ғой деп келіп едім. Келсем, осындай жағдай. Барлығыңызға рахмет!».
«Қарекет» қорындағылар бұл отбасыны ұзақ уақыт таңдаған. Еріктілер акция ұйымдастырып, жиналған қаржыға тұрғын үй сатып алыныпты.
Осылайша тосын сый жасауға шешім қабылдадық, алдымен баспана сатып алу мүмкін емес деп айтылды. Ал біз тосын сый жасағымыз келді. Бүкіл ел болып ақша жинадық, бізге көптеген адамдар көмектесті. Енді міне, бүгін еліміздегі баспаналы бақытты отбасы қатарына тағы бір жанұя қосылды»,- дейді қор белсенділері.
Бекжановтар отбасы жаңа жылды енді өз үйінде қарсы алады. Мерекеде жақындарына денсаулық пен ұзақ өмір тілейтіні сөзсіз. Ал «Қарекет» қорындағылар Түлкібас ауданының тағы бірнеше отбасын дәл осылайша қуантуды жоспарлап отыр.
Олжас Айдарбек