Кешкі сағат 18:00 шамасында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Сарыағаш аудандық басқармасының «Жібек жолы» шекара бақылау бекетінен хабарлама келіп түскен. Онда, Өзбекстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасынан өз еліне жаяу өтіп бара жатқан. Сол сәтте «Нано» қызметтік иті белгі берген.
Жедел уәкілдер күдіктіні тінту барысында, жол сөмкесіне жасырынған ерлерге арналған кремнің ішіне салынған есірткі затына ұқсас затты тауып, тәркілеп алды. Тәртіп сақшылары ұсталған ер адамды аудандық полиция бөліміне жеткізді. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған өсімдік тектес зат салмағы 45 грамға жуық «кептірілген марихуана» болып шықты.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналымнан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Сонымен қатар күдікті ер азамат қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды әдеттерден бас тартуға шақырады.