Úı Jańalyqtar Сібір жарасынан сақтан!

Сібір жарасынан сақтан!

фото depositphotos.com

Сібір жарасы- бұл қоздырғышы Bacillus anthracis спора түзуші бактериясы болып табылатын жануарлар мен адамның жіті жұқпалы ауруы. Сібір жарасын адамға жұқтырушы ол– үй жануарлары (ірі қара мал, қой, ешкі, түйе, шошқа) болып табылады. Адамға аурудың жұғу жолы көбінесі жанасу арқылы (малды сою кезінде терісін түсіруде немесе мал терісін өңдеуде) және бактерияның спораларымен ластанған тағамдар мен ауыз суын ішп-жеуде және ластанған топырақты егістікте қолдануда жұғуы мүмкін. Ал ауру адамнан адамға жұқпайды.

Аурудың инкубациялық кезеңінің орташа ұзақтығы 2-3 күнді құрайды, бірнеше сағаттан 8-14 тәулікке дейін ауытқуы мүмкін.
Ауру тез басталады: алғашқы сағатта — дене температурасы 38-40 градусқа дейін күрт жоғарылайды және әлсіздік пайда болады. Қан (сепсис) жұқтырудың кез келген әдісі нәтижесінде дамиды.
Симптомдары:

— қатты бас ауруы, жоғары дене қызуы, жалпы әлсіздік;
— тері зақымданғанда: ісіну мен қышудың, тез өсуімен карбункул
— өкпе түрі жағдайында: кеуде ауыруы, тұншығу,
— ішек түрі жағдайында: қан қоспасы бар диарея, іштің түйілу аурулары , қан қоспасы бар құсу.
Егер емдеу уақытында басталса, науқастар сауығады. Сирек жағдайларда ауру ағымы ішек, өкпе немесе септикалық түрлермен асқынады. Аурудың ауыр ағымы бар және ол науқастың өліміне әкелуі мүмкін. Сондықтан сібір жарасына күдікті болса, дереу дәрігерге хабарласыңыз. Емдеу тек стационар жағдайында жүргізіледі. Дәрігерлер антибиотиктерді немесе басқа да препараттарды дәрігердің кеңесінсіз өз бетімен емдеу немесе алдын алу үшін қолданбауды ұсынады. Жұқтырудың кез келген түріне күдік болғанда дереу ауруханаға жатқызу керек.
Сібір жарасы инфекциясынан қалай сақтануға болады:
1. Ет пен ет өнімдерін тек өнімдердің сапасын бақылайтын жерлерде ғана сатып алу;
2. Ет, ет өнімдерін немесе кез келген мал шаруашылығы шикізатын өңдейтін және сататын адамдар өздерін және басқаларды қауіпсіздендіру үшін гигиеналық нормаларды ұстануға міндетті.
3. Жануарларды күту кезінде ветеринарлық-санитарлық ережелерді орындау.
4. Үй малын сою тек қана мал мамандарының рұқсатымен жүргізу.
5. Жануарлардың өлекселерін ретімен көму.
6. Үлбір және былғары шикізаттарын ветеринариялық бақылау.
7. Жануарлардың ауруын бақылау.
8. Залалданған жануарлардың өлекселерін жою.
9. Жануарларды сібір жарасына қарсы егу.

 

Л.Туртаева,

Шымкент қаласы
Еңбекші ауданының
СЭББ-ның басшысы