Шымкент: №4 емханада балалар бұрышы ашылды

506

Шымкенттегі қалалық №4 емхана азаматтарға медициналық қызмет көрсетумен қатар, балаларды тұлғалық дамыту мәселесін қолға алды. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

Медицина мекемесіндегі балалар бөлімшесінде ашылған кітапхана бұрышында келуші балаларға барлық жағдай жасалған.

Онда ойыншықтар мен түрлі-түсті кітапшалар қойылған. Осылайша емханаға келген балалар дәрігердің қарауы біткенше уақытын тиімді өткізе алады. Яғни, кітап оқиды, үстел ойындарын ойнай алады. Оларға бөлімше маманы бас-көз болып, жетекшілік етіп отырады.

Айта кетейік, мұндай тәжірибе шетелдік емханаларда кең таралған. Алдағы уақытта емхананың барлық бөлімінде осындай күту залдарын ашу жоспарлануда.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі