Шымкентте 23 қараша күні қалалық перинаталдық орталықта 21 жастағы ана дүниеге үшем әкелді. Бұл оның үшінші жүктілігі.
Өмір есігін ашқан үшемнің үшеуі де ұл бала. Үшемдер жүктіліктің 35 аптасында кесір тілігі арқылы дүниеге келген.
Алғаш туғанда олардың салмақтары 2360, 2090 және 2330 грамм болған. Бүгінгі күні үшемнің және анасының жағдайлары жақсы. Күн санап салмақ қосуда. Сәбилер мен анасы қалалық перинаталдық орталықта 10 күн бойы дәрігерлердің бақылауында болып, бүгін үйлеріне шығарылды.