65 мың тұрғынға қызмет көрсетілді 

66


Рашид Абатұлы кеңсенің ашылу сәтінде тұрғындарға қаланың орталық аумағынан және ең маңызды қызметтерді бір жерден алу бойынша ыңғайлы жағдайдың жасалуын мақсат еткен болатын.

Бір жыл көлемінде 65 мың тұрғынға түрлі бағытта әкімдіктің дербес бөлім мамандарымен (мемлекеттік қызметтер, электрондық түрдегі қызметтер) қызмет көрсетілді. Атап айтсақ, Жер қатынастары, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы, Сәулет және қала құрылысы т.б. бөлімдер тарапынан жиі қызмет көрсетілген.

Қала әкімінің жеке қабылдауы да осы кеңседе үйлестірілді. Сондай-ақ, жер қаулылары да осы кеңсе арқылы иелеріне беріліп жатыр. Пандемия кезінде халыққа үздіксіз онлайн қызмет көрсетіп, тоқтаусыз жұмыс жасады.

Кеңсенің оператор мамандары электрондық порталдағы қызметтерді алушылар үшін барлық мүмкіндікті жасап, бағыт-бағдар беруге дайын. Қызметкерлер арасында кемшіліктер болса, оны түзетіп, халыққа толыққанды қызмет көрсету үшін күн сайын үйрену, машықтану, семинар оқытулар жұмыс барысында қолданылып келді. Одан өзге, кеңсе арқылы «e-gov» порталындағы қызметтерді тегін алуға мүмкіндік бар.