Úı ANONS Алдағы демалыс күндері Түркістан облысы мен Шымкентте аяз сақталады

Алдағы демалыс күндері Түркістан облысы мен Шымкентте аяз сақталады

Қазгидромет қызметінің жергілікті мамандары алдағы демалыс күндері Түркістан облысы мен Шымкентте аяз сақталады дейді.

Шымкентте қар жауды

23-қаңтарда облыстың таулы аймағында қалың қар жауады, сынап бағанасы түнде 9-14 градусқа төмендейді. Күндіз ауа температурасы 1 -6 градус аяз. 24-ші қаңтарда жауын-шашынсыз, бірақ тұман түседі. Түнде ауа темперутасы 5-10 градус суық. Ал күндіз 0 ден 5-8 градусқа дейін аяз күтіледі.

Арайлым МАХАНОВА, «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының инженер-синоптигі: «Шымкентте 23-ші қаңтарда кейбір уақытта қар жауады. Ауа температурасы түнде 8-10 градус , күндіз 3-5 градус аралығында аяз болады. 24 қаңтарда түнде 6-8 градус аяз, күндіз 0-2 градус аяз «.

Шынар Оразова