«Аңсаған сәби»: Шымкентте ЭКҰ жасау үшін 403 квота бөлінді

194

Ағымдағы жылы Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылмақ. Нәтижесінде ЭКҰ-ға квота саны 7 есеге ұлғайтылады, оның ішінде Шымкентте 2021 жылға 403 квота бөлініп отыр.

Былтыр шаһарда ЭКҰ арқылы бала көтеремін деушілерге небәрі 64 қана квота бөлінген. ЭКҰ-ға жіберу шешімін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Сәби сүйемін деп ниет білдірген отбасы заңды некеде болуы шарт.

Айта кетейік, бүгінгі таңда қаламызда жекеменшік 4 ЭКҰ орталық бар дейді  Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақытжан ПОЗИЛОВ.

Шымкенттің бас дәрігерінің мәлімдеуінше, Қазақстанда әрбір бесінші отбасы бала сүюге мұқтаж.Көптеген ерлі-зайыптылардың ажырасуына себеп болып отырған бұл проблеманы шешуді Мемлекет басшысы өз жолдауында атап өткен болатын. «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында енді баласыз отбасылар ЭКҰ арқылы сәби сүюге мүкіндік алады. Квотаға іліккен отбасылар үшін бұл процедура тегін.

Шынар Оразова