Коронавирус наурызда қайта күшейеді

129

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандар көктемге қарай қайта көбейеді деген болжам бар. Бұл туралы еліміздің ғалымдары дабыл қағып отыр.

Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының президенті, профессор Алмаз Шарманның айтуынша, 2 наурызда вирус анықталғандар саны шарықтау шегіне жетеді. Бірақ, көрсеткіш жаз мезгілімен салыстырғанда 45 пайызға төмен болады дейді ол.

Алмаз ШАРМАН, профессор: «Алдағы айларда абай болыңыздар: маска тағып, арақашықтықты сақтап, адам көп жүретін жерлерге бармаңыз, жақсы ұйықтап, дұрыс тамақтанып, физикалық тұрғыда белсенді болыңыз».

Ғалым бұл болжамды америкалық университетке сілтеме жасап айтыпты. Вашингтондағы медициналық метрика және бағалау институтының коронавирустық инфекциясы туралы мәліметте осылай көрсетілген екен.

Назерке Үкібасова