Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, өмірі мен денсаулығын қорғауда өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін адал атқаруда. Сонымен қатар, азаматтар кез-келген қиын сәтке тап болғанның жанынан табылып, оларға қол ұшын беріп, көмектесуге дайын.
Осындай қиын сәттердің бірі елімізде коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу кезінде және Мақтаарал ауданында орын алған су тасқынында орын алды. Осы кездері әрбір тәртіп сақшысы өз елінің патриоты екенін көрсете білді.
2020 жылдың мамыр айында Мақтаарал ауданында орын алған су тасқыны кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Жетісай АПБ бастығының бірінші орынбасары полиция майоры Есімжан Надиров өзінің нағыз патриот екенін көрсете білді. Мәселен, су басқан мектеп ауласында тұғырда ілініп тұрған Мемлекеттік Туды суға ағып кетпес үшін шешіп алып, оны құрметпен орап, қауіпсіз жерге алып шыққан.
Полиция майоры Есімжан Надировтың бұл әрекеті әлеуметтік желіде кеңінен таралып, көпшілікті тәнті етіп, халықтың полицияға деген оң имиджін қалыптастырды.
Осыған байланысты, қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін Жетісай АПБ бастығының бірінші орынбасары полиция майоры Надиров Есімжан Үсенбекұлын ҚР Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығы бойынша «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» медалімен наградталды. Бұл марапатты ТО ПД КСБ-ның бастығы полиция полковнигі Мақсат Асқаров арнайы Жетісай АПБ-ның жеке құрамының саптық жиынында табыс етті.