Шымкент: қылмыстың ізін суытпай ашылуына көмектескен 19 жасар ер азамат марапатталды

157

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылығы ішкі істер органдарына қылмыстарды ашуға көмек көрсеткен, қырағылық пен батылдық танытқан азаматтарға үнемі құрмет көрсетіп, марапаттайды.

Мысалы, ағымдағы жылдың 2 қаңтарында шамамен сағат 07:10-де Шымкент ҚПД Жедел басқару орталығының 102 каналына жергілікті тұрғынның автокөлігіне белгісіз тұлға кіріп, ішіндегі заттарды ұрлағаны бойынша ақпарат келіп түсті.

Оқиға орнына шұғыл жеткен патрульдік полиция полкінің қызметкерлері автокөліктің иесі күдіктінің заңсыз іс-әрекеттің жолын кесіп, оған бой тасалауына жол бермегенін анықтап, күдіктіні полицияға жеткізді.

Шымкент ҚПД ЖПҚБ-ның бастығы полиция подполковнигі Мухтар Бухарбаев Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетовтың тапсырмасымен қырағылық танытқан, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қылмыстың жолын кесуге және қылмыскерді ізін суытпай ұстауға белсенді көмек көрсеткен Ерсұлтан Оңғарбайға алғыс хатты табыс етті.

«2021 жылғы 2 қаңтар күні таңғы уақытта жұмысқа бара жатқан кезде үйден шығып, автокөлігімнің алдына барғанымда, автокөліктің ішінде бөгде адамды байқадым. Күдікті азамат қашуға әрекет жасады. Бірақ мен оған жол бермей, ұрланған айғақты заттарды Абай АПБ-ның жедел-тергеу тобына тапсырдым. Бүгін Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылығы маған құрмет көрсетіп, осы еңбегімді жоғары бағалап, алғыс хатпен марапаттады. Жастарды елге адал қызмет етуге, елдің патриоты болуға шақырамын. Болашақта менде полиция қызметкерлері сияқты адамдарға көмектесуді армандаймын» – деді Ерсұлтан Оңғарбай Амангелдіұлы.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі