Шымкентте қатерлі індет қайта күшейді

113
фото Deutsche Welle

Шымкентте қатерлі індет қайта күшейді. Бұл туралы қаланың бас дәрігері дабыл қағып отыр.

Бақытжан Позилов сөзінше коронавирус мереке күндерінен кейін белең ала бастаған. Мәселен, жыл соңында анықталған науқастар саны 5-6-дан аспаса, соңғы күндері вирус табылғандар саны тәулігіне 20-ға жеткен.

Ал, ауыр жағдайда жатқандар саны – 9. Осылай деген қаланың денсаулық сақтау басқармасының басшысы тұрғындарды абай болуға шақырады. Айта кетейік, пандемия басталғалы 81 шымкенттік квиден көз жұмған.

Бақытжан Позилов, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Жаз айында, бірінші толқында көп нәрсеге дайын болмадық. Нәтижесінде қайғылы жағдайға ұшыраған кездер болатын. Солардың бәрін қордалай келе А, В, С сценариін жазып шықтық. Басты мақсатымыз – ықтимал болатын екінші толқынға дайындалу. Қазіргі таңда дәрігерлердің, медбикелердің барлығы ковидпен күресіп үйренген. Нәтижесінде 5328 адамды емдеп шығарды. ҚР бойынша бізде емделіп шыққандар саны өте көп. Осы жылдың 1 қаңтарынан бүгінгі таңға дейін Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдай күшейе түсті».

Назерке Үкібасова