Су құрылғысын ұрлап кетті

82

 

Шардара АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келген. Ол өзінің арызында жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлердің бірінде, құны 37 мың теңге тұратын 3 дана «Лидер» атты жылыту құрылғылар мен әрқайсысы 1000 теңгеден тұратын 52 дана су жүретін құрылғысын белгісіз біреулер ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге жалпы 193 мың теңге материалдық шығын келтірілген.

Аталған жайтты полицейлер бірден ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын бастап кетті.

Нәтижесінде полицейлер ақпарат көздері арқылы күдікті азаматты тұрғылықты мекен-жайынан ұстады. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті азамат су жүретін құрылғыны сондай-ақ жылыту құрылғының 1 данасын дүкендердің біріне 7 мың теңгеге сатып жіберген. Сонымен қатар полиция қызметкерлері күдікті азаматтың бұрында осындай ұрлық істеріне қатысы барын анықтады. Бас шарасы қолхатта.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және өз үйлерін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Сіздің мүлігіңізге қылмыстық қол сұғушылықты болдырмау үшін, терезелер мен есіктерді темір торлармен және сенімді құлыптармен бекіту керек. Тіпті аз уақытқа болсын үйден шықсаңыз, сыртқы есіктер мен терезелерді мықтап жауып жүріңіз. Сондай-ақ мүмкіндігінше үйлер мен кіреберістерде бейнебақылау камералары мен күзет дабылын орнатыңыз.