Зейнетақы жинағының бір бөлігін кімдердің алуына болады? Тап осы сұрақ көбімізді мазаласа керек-ті. Өткен жылдың соңында Парламент зейнетақы қорындағы жинақтың бір бөлігін пайдалану туралы заңды қабылдады. Заңға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қол қойып, соңғы жылдардың ең жиі талқыланған тақырыбы мәресіне жетті.
Заңда көрсетілгендей, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу шарттарын атап көрсетіп, «жеткіліктілік шегін» белгілеп берді. Сонымен зейнетақы жинағыңыздың бір бөлігін алу үшін жасыңызға қарай шотыңызда жинақталған сома мына шектен асуы керек:
20 жас 1 млн 720 мың,
21 жас 1 млн 795 мың,
22 жас 1 млн 871 мың,
23 жас 1 млн 948 мың,
24 жас 2 млн 026 мың,
25 жас 2 млн 105 мың,
26 жас 2 млн 185 мың,
27 жас 2 млн 267 мың,
28 жас 2 млн 349 мың,
29 жас 2 млн 433 мың,
30 жас 2 млн 518 мың,
31 жас 2 млн 604 мың,
32 жас 2 млн 691 мың,
33 жас 2 млн 780 мың,
34 жас 2 млн 810 мың,
35 жас 2 млн 961 мың,
36 жас 3 млн 053 мың,
37 жас 3 млн 147 мың,
38 жас 3 млн 242 мың,
39 жас 3 млн 339 мың,
40 жас 3 млн 437 мың,
41 жас 3 млн 536 мың,
42 жас 3 млн 636 мың,
43 жас 3 млн 739 мың,
44 жас 3 млн 842 мың,
45 жас 3 млн 947 мың,
46 жас 4 млн 054 мың,
47 жас 4 млн 162 мың,
48 жас 4 млн 271 мың,
49 жас 4 млн 383 мың,
50 жас 4 млн 495 мың,
51 жас 4 млн 610 мың,
52 жас 4 млн 726 мың,
53 жас 4 млн 843 мың,
54 жас 4 млн 963 мың,
55 жас 5 млн 084 мың,
56 жас 5 млн 207 мың,
57 жас 5 млн 331 мың,
5 8 жас 5 млн 457 мың,
59 жас (және одан жоғары) 5 млн 586 мың теңге.
Осы жеткіліктілік шегіне сәйкес келген БЖЗҚ қатысушысы қорда жиналған көрсетілген сомадан асқан қаржатын өз еркімен алуға, пайдалануға құқылы. Бұл ақшаны азаматтар емделуге және тұрғын үй алуға аударады.
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін нақты қажеттіліктерге пайдалану құқығын келесі азаматтар пайдалана алады:
— Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) жинағы бар, тиісті жаста «жеткілікті шегінен» асатын сомасы бар жұмыс істейтін азаматтар.
Олар жинағының бір бөлігін пайдалана алады. Қалған бір мөлшері салымшының шотында қалуы тиіс. Елімізде осындай 760 мың шамасында азамат бар. Орта есеппен бір адамға 2,3 млн теңгеден келеді.
– Зейнеткерлер. Олар зейнетақы жинағының 50 пайызын ала алады. Бұл үшін базалық зейнетақы мен мемлекет тарапынан қосылатын зейнетақыны қоса есептегендегі сома зейнетке шығар алдындағы табыстың 40 пайызынан кем болмауы керек.
Қазақстандықтардың саны 170 мыңға жуықтайды. Орта есеппен əрқайсысына – 0,5 млн теңгеден тиеді.
– Зейнетақы аннуитетін рәсімдеген жəне БЖЗҚ-да жинағы бар азаматтар. Бұл санатқа жататын 23 мың адамның əрқайсысына 2,5 млн теңгеден келеді.
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқарма төрағасы Жанат Құрмановтың мәліметіне сүйенсек, 2020 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 761 мыңнан аса адам зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалану құқығын қолдануына болады. Олардың шоттарында 2,4 трлн теңгеден аса қаражат бар екен.
Айта кетейік, Зейнетақы жинақтарының қолжетімді сомасын БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинеттен немесе мобильді қосымшадан білесіз.
Ескерту: 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерін қолданып сатып алынған жылжымайтын мүлікті оған меншік құқығы тіркелген күннен бастап 5 жыл ішінде сатуға болмайды.
Бұл талап Президент айтқандай, зейнетақы жинақтарын қолма-қол ақшаға айналдыру арқылы пайда көрудің, алыпсатарлық амалдардың алдын алу үшін жəне тұрғын үй бағасының негізсіз өсуіне əсер етпеуі үшін қолданылады.
Дайындаған – Айжан ЕРМЕКҚЫЗЫ
«Оңтүстік Рабат», №1, 7 қаңтар 2021 ж