Коронавирустан емделгендер неге шағымданып жүр?

105

Коронавирустан емделіп шыққандар көру және есту қабілетіне шағымдана бастады. Қала берді қатерлі індетті жеңгендердің шашы да уыстап түсетін болған. Бұл туралы бүгін еліміздің мамандары мәлімдеді.

Ғалымдар сөзінше тәжівируспен күрескендердің шағымы мұнымен бітпейді. Оларды жөтел қысып, көңілі жиі құлазып, ентігуден де арыла алмай келеді екен.

Айнұр ТӘУЕКЕЛОВА, Қабылдау бөлімінің меңгерушісі: «Коронавируспен ауырған кей науқастар жүйке жүйесінің сыр бергенін айтады. Тағы бірқатарының көңілі жиі құлазып, депрессияға түседі екен. Індеттен кейін белгілі болған бар сұмдық мұнымен бітпейді. Тағы кейбірі шаштарының түсе бастағанын айтапы шағымданды».

Осылай деген мамандар коронавирустан жазылған соң 3 ай бойы дәрігерлермен байланыста болуға кеңес береді. Себебі аталмыш індеттен соң көбінен қант диабеті анықталып, жүрек қантамыры ауруы табылыпты.

Айнұр ТӘУЕКЕЛОВА, Қабылдау бөлімінің меңгерушісі: «Ағзаны нутритивті түрде қолдау ұсынылады-бұл ақуыз мөлшері жоғары, толыққанды теңдестірілген тамақтану. Сондай-ақ, ұйқыны қалыпқа келтіру қажет. Науқас коронавирустық инфекциядан кейін күндізгі демалысты қажет етеді. Толық ұйқы сегіз сағаттан артық болуы керек. Витаминдердің көп мөлшері бар Диета. D, B, C дәрумендерін, мырыш пен магнийді қолдану қажеттілігі дәлелденді. Витаминдік кешендер бойынша нақты ұсыныстар жоқ. Барлығы жеке болуы керек».

Назерке Үкібасова