Шаhар басшысы Рашид Аюпов қала көшелерін аралап, құрылысы жүріп жатқан саябақтардың жұмыс барысын бақылады.
Алдымен, Б. Саттарханов даңғылы, С. Қожанов, Әл Фараби көшелерінің жаяу жүргіншілерге арналған аяқжолдар бойымен жүріп, жиегіндегі жарықшам, су жүйесі құрылғыларын, брусчатка сапасын көрді. Ондағы бірқатар олқылықтар бойынша «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» және «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі» басшыларына ескерту жасады.
Сонымен қатар, «Гүлдер саябағы» аумағында жүріп жатқан абаттандыру жұмыстарын және кесене аумағында құрылысы жүріп жатқан Ботаникалық бақтағы жұмыстарды көрді. Аумақта көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Рашид Абатұлы қаланы жасыл аумаққа айналдырып, микроклиматты жақсарту бағытындағы істерге немқұрайлы қарамай, оларды уақытылы суаруға назар салуды тапсырды.